Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері Ауғанстандағы жағдайды талқылады
2021 ж. 19 тамыз
2420
0
Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.
Екіжақты күн тәртібін талқылау кезінде жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі қаралды, адам құқықтары туралы тақырып бойынша өзара іс-қимылды күшейту бойынша жалпы түсінікке қол жеткізілді.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.