Мамай сотта жеңілді
2021 ж. 16 маусым
2561
0
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің талап арызы бойынша Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотында өткен азаматтық-процессуалдық процесте шағымданушы талап пайдасына шешім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Судьяның айтуынша, белсенділер фильмдегі айыптауларға бірде-бір дәлел ұсынбаған.
Сондай-ақ сот шешімімен жауапкерлер Жанболат Мамай мен Инга Иманбай Бауыржан Байбектің Алматы қаласы әкімі болып тұрған кездегі жемқорлық әрекеттері туралы деген екі тілде Демократиялық партия youtube арнасында таралған видеоны өшіруге, 800 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндетті болды.