Жоғары ЕЭК отырысында қолайсыз жайт орын алды
2021 ж. 24 мамыр
3901
0
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевтың аты-жөнін дұрыс айтпады, деп хабарлайды zakon.kz.
Армения Премьер-министрінің міндетін атқарушы Қазақстан Президентінің әкесінің атын ұмытып қалды.
Қасым-Жомарт Тоқайұлы, рақмет, құрметті мемлекет басшылары, кездесуге қатысушылар, сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын, - деді Пашинян.
Тоқаев қолайсыз жағдайға байланысты әріптесінің сөзін бөлмегенін айта кеткен жөн.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев езуіндегі күлкіні жия алмады.