Президенттің байлығы туралы масқара фильм шығып кетті
2021 ж. 09 наурыз
5159
1
Белоруссияда оппозициялық Nexta каналының ұжымы Лукашенконың байлығы туралы деректі фильм жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Фильмнің атауы – "Лукашенко. Золотое дно".
Фильм YouTube-ке шыға салысымен 11 сағатқа жетер-жетпес уақытта миллион қаралымға жетті.
Белоруссияны 26 жыл бойы бір өзі билеп-төстеп отырған авторитарлы диктатор Александр Лукашенко соңғы сайлауда ескі әдетімен дауыс ұрлап, халық жаппай бейбіт шеруге көтерілген. Лукашенко билігі халыққа қарсы күш қолданып, президенттік билігін өліспей бермейтін адам екенін дәлелдеді.
Ал оппозициялық Nexta каналы осы видеомен шектелмей, Лукашенко туралы әлі талай фильм түсіреміз дейді.