Қазақстан мен Қытай СІМ басшылары келіссөздер жүргізді
2021 ж. 22 қаңтар
1850
0
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И телефон арқылы келіссөздер өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының саясат, қауіпсіздік, экономика, сауда салаларында одан әрі дамуы және COVID-19 індетімен күресу бойынша әрекеттестік туралы пікір алмасылды. Тараптар ҚР-ҚХР шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі қалыптасқан ахуалдың шешілу жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері және екі мемлекеттің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестігі бойынша «сағаттарын теңестірді».
Қытай министрі Тілеубердіні ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, мол жетістіктер тіледі.