Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
2021 ж. 14 қаңтар
1316
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Құжаттың толық мәтіні
* * *
Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда,
2021 жылғы 14 қаңтар
№ 489