ӘКІМ Ресей тіліндегі сұрақтарға да МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРДІ! (видео)
2020 ж. 25 қараша
19512
3
НАҒЫЗ МЕМЛЕКЕТШІЛ ӘКІМ - МАҢҒЫСТАУДЫҢ ӘКІМІ СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ. Ол Ресей тіліндегі сұрақтарға да МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАУАП БЕРДІ!
Маңғыстау облысы әкімінен Үкімет басшыларынан бастап, барлық министрлер, әкімдер, депутаттар, жалпы мемлекеттік қызметкерлер үлгі алуы керек!
Серікбай Трұмов мырза былтыр да өзге ұлт өкілдерінің орысша қойған сұрақтарына қазақша жауап беріп, ұлттық және мемлекеттік мүддені қорғай білген саңлақ саясаткерлігімен елді риза еткен еді.
Бұрын бұлай орыс тіліндегі сұраққа мемлекеттік тілде жауап беруді сол кездегі Бас прокурордың кеңесшісі, тіл жанашыры Нұргүл Қарағойшина бастаған еді. Ол қазір Жоғары сот төрағасы кеңесшісі.
Орталық коммуникация қызметінде есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов асты да, үсті де асыл қазынаға толы киелі Маңғыстау өлкесінің бүгінгі жетістіктерімен таныстырып, тілшілердің барлық сұрақтарына нақты жауап берді.
Жол мәселесінің де жолға қойылғанын, су тапшылығын жою мақсатында шаруалар жасалып жатқанын, өлкені туризм ордасына айналдыру, әдеби-мәдени, рухани әлемдегі игілікті істерді қазақы тілмен келістіріп баяндап берді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатындағы жұмыстарды айтты.
Қаны бар қайраткердің қайраты да нар болатыны анық.
Қазыбек Иса,
Қазақ үні