"АҚ ЖОЛ" партиясының сайлауалды ҚҰРЫЛТАЙЫ өтуде (фото)
2020 ж. 20 қараша
2076
0
"Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев баяндама жасады.
Жарыссөзде бірінші болып, ақын, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Иса сөйледі. Ол "Ақ жол" партиясы еліміздегі барлық партиялардың ішінде Ұлттық мүддені қорғау ұстанымымен ерекшеленетініне айрықша тоқталды. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау партия бағдарламасында басты мәселелердің бірі болып тұрғанын айтты.
Одан соң партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасы, отставкадағы полковник, кәсіпкер Әлімхан Әбжанов туризмді дамыту мен әкімдер мен соттарды сайлау мәселесін, партия төрағасы орынбасары, "СейМАЗ" АҚ құрылтайшысы Дмитрий Васильев кәсіпкерліктің дамуы жайлы сөйледі.
Партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Жаңбырбай Матаев Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керектігін және діл мен дін мәселелерін атап өтті.
Партия мүшесі Бөріхан Нұрмұхаммедов бюрократияның елдің еңсесін езіп отырғанын айтты.
Белгілі алаштанушы, ғалым Сұлтан Хан Жүсіпұлы мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, 1931-33 жылғы Ашаршылықты геноцид деп тану, Алашорда бағдарламасын басты бағыт ету туралы сөйледі.
Жамбыл облыстық филиал төрағасы Асан Қошмәмбетов, Ақмола облыстық филиал төрағасы Борис Мельников, кәсіпкерлер Рамазан Жанпейісов, Алмас Бадашев, Әлия Рақышева өз ұсыныстарын білдірді.
"Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов мәслихат депутаттығына кандидаттар туралы есеп берді.
"Ақ жол" партиясы Алматы облыстық филиал төрайымы Мейраш Шынасылова 40 адамнан тұратын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады.
Юрий Шин "Ақ жол" партиясы Орталық Кеңесі құрамын жариялады.
Құрылтай фейсбуктағы "Ақ жол" партиясы парақшасы мен ютуб арнада тікелей эфирде көрсетілуде.