Алик Шпекбаевтың қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады
2020 ж. 01 шілде
4559
0
Интернетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат пайда болды. Ведомство аталмыш хабарламаға жауап берді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнетке шығу жасына байланысты қызметінен кету туралы өтініш берген. Зейнетке шығу жасына байланысты отставкаға кету туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды», - деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram каналында.
Алайда, агенттік бұл хабарлама шындыққа жанаспайтынын айтты.
Атап өту керек, Алик Шпекбаев 4 шілдеде 63 жасқа толады.