Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды
2020 ж. 17 маусым
1365
0
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин асимптоматикалық түрдегі коронавирус инфекциясын жұқтырып алды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нығматулин оқшаулануға мәжбүр болды, бірақ қашықтан жұмысын жалғастыруда.
Мәжілістің 17 маусымға жоспарланған жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 22 маусымда Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы жоспарланған.