Мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталған Майлыбаев бостандыққа шықты
2020 ж. 12 маусым
1233
0
Сотталған Б.Майлыбаев сотқа жазаның өтелмеген бөлігінен шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот өтінішті негізінен қарап, сотталған ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің заңмен белгіленген ½ бөлігін аса өтегенін, түзеу мекемесі әкімшілігінің оң мінездеме бергенін, ішкі тәртіп ережелерін бұзбағанын, 9 рет мақтау алғанын, жазаланбағанын, мінез-құлқына үшінші оң дәрежесі деген баға берілгенін, ұстаудың жеңілдетілген шартында жүргенін, қылмыстық іс бойынша талап жоқтығын, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар екенін ескерген.
Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға негіздер жоқ.
2020 жылғы 14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының №2 соты Б.Майлыбаевты жазасының өтелмеген 1 жыл 4 ай 21 тәулігін одан әрі өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатқан. Осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Сонымен қатар, сот Б.Майлыбаевқа ішкі істер органдарына мінез-құлқы бойынша есеп беруге бару, ішкі істер органының рұқсатынсыз тұрғылықты мекен-жайыннан кетпеу және өзгерту, орган белгілеген жерлерге жұмыстан бос уақытында бармау, өзі тұратын аймақтан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпау міндеттерін орындауды жүктеді.
Жазаның өтелмеген мерзіміндегі Б.Майлыбаевтың мінез-құлқын бақылауды, оның тұрғылықты жеріндегі полиция қызметіне жүктеген.
Сот қаулысына шағым немесе прокурор наразылық бермеген. Қаулы заңды күшіне енді.
Еске салайық, 2017 жылғы 13 маусымда Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотының үкімімен Б.Майлыбаевқа ҚК-нің 361-б. 4-б., 185-б. 3-б-мен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.