Бағдатқа зымыранмен шабуыл жасалды
2020 ж. 05 қаңтар
4937
0
Ирак астанасы Бағдаттың орталығында - басқа елдердің өкілдері орналасқан жерде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөздің айтуынша, зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, Бағдаттың солтүстігінде америкалық әскерилер пайдаланған "Балад" әскери-әуе базасына да шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, база аймағында "Катюшаға" ұқсас екі зымыран жарылған.
Естеріңізге салсақ, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған.
Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берді. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын айтты. Вашингтон қаза тапқан генералдың Бағдаттағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп санайды.