Ердоғанның Назарбаевқа не үшін телефон соққаны белгілі болды
2019 ж. 30 желтоқсан
11014
0
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz.
Олар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.
Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.