Тоқаев: Біз қазақ тілін реформалаудамыз (видео)
2019 ж. 04 желтоқсан
3720
5
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle халықаралық арнасына сұхбат беріп, елдегі өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Тоқаев елорда атауын ауыстыруға қатысты, елдегі қосбилік туралы қауесеттер мен латын әліпбиіне көшу секілді стратегиялық бағдарларға кеңінен тоқталды.
"Біз қазақ тілін реформалаудамыз" - деді Тоқаев латын әліпбиін енгізуге қатысты.Сонымен қатар, елде митинг өткізу бойынша заң талаптары жетілдіріліп жатқанын да алға тартты.
Сұхбаттың толық видеонұсқасын оқырман қауымға ұсынамыз.