Президенттіктен кеткеніме өкінбеймін - Нұрсұлтан Назарбаев
2019 ж. 11 қазан
2028
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатынан үзінді жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«Елбасының бүгінгі сұхбатынан үзінді. Толық нұсқасы ертең «Хабар» арнасында сағат 21.30-да көрсетіледі», - деп жазды Айдос Үкібай.
Сұхбат кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Президенттіктен кеткеніңізге өкінбейсіз бе?» деген сұрақ қойылды.
«Әрине, өкінбеймін. Себебі, бұл жан-жақты әбден сараланған шешім болатын. Ең алдымен, бірнеше рет мені Мемлекет басшысы етіп сайлаған халыққа зор алғысымды айтамын. Екіншіден, өзгерістер керек. Ештеңе бір орында тұрған жоқ. Өзгерістер, жаңа адамдар, тың кадрлар керек. Кез келген адамның өзіндік көзқарасы, қарым-қатынасы бар. Сол себепті бұл - әбден ойластырылған қадам. Халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс істедім деп есептеймін», - деді Елбасы.