Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады
2019 ж. 20 тамыз
1893
0
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері туралы мәлімделді, - деп хабарлайды elbasy.kz.
Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.
Елбасы астананың экономикасына инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды.