Депутат Қарағұсова өзіне сұрақ қойған журналистерге ұрысып тастады
2019 ж. 30 шілде
6853
7
Депутат Қарағұсова өзіне сұрақ қойған журналистерге ұрысып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі депутат журналистерге ұрсып тастады. Несие туралы қойылған сұраққа жауап беруге қауқарсыз Қарағұсова бұл менің сұрағым емес деп шорт кескен. Ол журналистерді Ұлттық банк басшылығына бағыттады.
"Ол маған қойылатын сұрақ емес. Заңда басқаша. Оны Ұлттық банк төрағасынан сұраңыз. Бізде заңда ондай жоқ. Достар, біз заң жүзінде шығарған кезде фактіге сүйенеміз. Қазір біз анализді жасадық, бірақ аяқтамадық. Сен шатастырма. Қандай талқылау?" - дейді Қарағұсова.
Бұл бейнежазбаны журналист Бағдат Қожахметов желідегі парақшасында бөлісіп, пікірін ортаға салған.
"Заңды биліктің халыққа көзқарасы бұл. Бұл депутат бәріне түкіріп қойған. Өздері жасаған жүйеден өздері шаршаған", - дейді Бағдат Қожахмет.