Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
2019 ж. 03 шілде
2222
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар негізгі заңға сәйкес өткізілген.
Мемлекет басшысы Конституцияның жасампаздық әлеуетін толық қолдану қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне әділ көңіл бөліп отырғанын айтты.