Азат Перуашев: ОСК ресми арыздарды ғана емес, фальсификациялар туралы барлық ақпаратты қарастыруы тиіс
2019 ж. 13 маусым
4102
3
"Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық коалициясында сөз сөйлеп, елімізде өткен Президенттік сайлау туралы, митингтер мен әлеуметтік мәселелерге қатысты өз пікірін айтты. "Қазақ үні" ақпарат агенттігі халық қалаулысының сөзін оқырман қауымға ұсынуды жөн санады.
●Құрметті әріптестер, естеріңізде салайық, Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттік партия жетекшілерімен 9 сәуірдегі кездесуінде, кезектен тыс президенттік сайлау жөнінде хабарлағанда, «Ақ жол» партиясы атынан мен өзім бұл сайлау әділ және ашық өтуіне кепілдік сұрадым.
Президент мырза соған өз кепілдігін беріп, біз білгенімізше, орталық сайлау комиссиясына және жергілікті мемлекеттік органдарға да тиісті тапсырма берген.
●Алайда, үгіт-насихат басталғанда, әлеуметтік желілер студенттерді шараларға қатысуға мәжбүрлеу, дайын бюллетендерді тастау сияқты түрлі заң бұзушылықтарды көрсеткен видеолармен толып кетті.
●Бір ғажабы – Орталық сайлау комиссиясы небәрі 19 ғана аса маңызды емес заң бұзушылықты дәлелдеген.
Ал, ОБСЕ бақылаушылары ресми Есепте тек заңсыз бюллетендердің өзі 42 сайлау учаскеде тастағанын байқады.
Егер әдеттегідей, көптеген заң бұзушылықтар бақылаушылардың назарынан тыс қалғанын ескерсек, мұндай фактілер бірнеше есе көп деп санауға болады.
Әрине, 10 мың учаске ішінде 42 учаскедегі заң бұзушылықтар көп болмаса да, біздің ойымызша Орталық сайлау комиссиясы тек ресми арыздарды ғана емес, фальсификациялар туралы барлық ақпаратты қарастыруы тиіс.
Алайда сайлау бақылаушылардың көзбен көріп, қолымен ұстап берген заң бұзушылық фактісін - жауапты органдар бұл басқа мектепте тіркелген немесе біздің «ұлттық менталитетіміз» деп отыр.
●Мұндай сылтаулар – бұл бұзушылықтарды ақтаумен бірдей.
Орын алған жағдайларға байланысты, мұқият тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақырамыз.
Мүмкін, сонда ғана, бұл адамдар сайлау мағынасын түсінетін шығар.
●Өз тарапынан, орталық сайлау комиссиясы «өшірілетін сия» секілді кейбір видеолардың қолдан жасалғаны туралы хабарлады.
Олай да болуы мүмкін. Осындай алаяқтықтың алдын алу, кімнің істегенін анықтау мақсатында да мұндай ақпаратты тексеру керек.
● Осы, және басқа да сол сияқты сұрақтарға анық жауап таба алмағаннан кейін, қоғам белсіндерлері, ең алдымен – жастар, - наразылық танытып, түрлі іс-шараларға барды.
●Иә, Ішкі Істер Министрлігінің ақпараты бойынша, бұл акциялар шетелден, арандатушылық мақсатымен ұйымдастырылған. Бірақ өзіміздің де ішкі кемшіліктеріміз соған сай болды.
●Әрине, қоғамдық қауіпсіздік барынша берік қамтамасыз етілуі тиіс.
Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың қауыпсіздігі үшін де, Республикамыздың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығы үшін де қауіпті екенін түсінуіміз керек.
«Ақ жол» партиясы біздің Ұлттық Тәуелсіздігімізді, елдің бейбіт өмірін және еркіндіктерімізді - көздің қарасындай сақтауға шақырады.
●Біз барлық азаматтарды тыныштық пен сабырға келуін қалаймыз.
Біреудің арам ойыны үшін өз тағдырыңызбен ойнауға жол бермеңіздер.
Қоғам мен биліктің арасындағы дау тек заң шеңберінде шешілуі тиіс. «Ақ жол», парламенттік партиясы ретінде, бұған барлық күшін жұмсайды.
●Сонымен қатар, әркімнің өз пікірін білдіруге толық құқы бар. Сондықтан, ұсталғандардың айыптарын қарастырғанда, олардың конституциялық құқығын сақтап, әділ сот қорғауымен, кінәсіздік презумпциясын да ұмытпауымыз керек.
Олар да елдің азаматтары, алаяқтардан басқа, біз олардың пікірімен де санасуға міндеттіміз.
● «Ақ жол» партиясы журналистердің соққыға жығылуына байланысты да өз алаңдауын білдіреді.
Билік пен қоғамның көпірі болған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Наразылықтың алдын алудың белсенділерді ұстаудан басқа да әдестімелері болуы керек.
●Солардың ең алғашқысы – демократия; яғни адал және таза сайлау өткізу, шенеуіктерінің басымдылығымен емес, халықтың қалауына сай өкілетті органдарды құрастыру.
Онда көшедегі дискуссиялар парламент залдарына кіріп, халық беймарал өз шаруасымен айналысар еді.
Уважаемые коллеги,
Мы поддержим проект заявления, и я поясню почему.
Я был международным наблюдателем на четырёх президентских выборах, дважды в США, а также в Грузии и России
В 2000 году, я наблюдал за ходом голосования в штабе демократов в городе Талса, Оклахома.
Когда объявили о победе Дж.Буша, он появился на экране и начал выступать с речью, я спросил коллег (а их кандидатом был Альберт Гор), зачем они его слушают, ведь Эл Гор набрал на 500 тыс голосов больше, и всё равно проиграл. Разве это справедливо?
И один из членов штаба мне ответил:
Sorry, he is the President of United States of America now.
Respect me please, and respect my President.
Это был урок политической культуры.
Конечно, как руководитель партии парламентского меньшинства, на вчерашних выборах я лично голосовал за другого кандидата.
Но со вчерашнего дня Токаев и мой президент тоже.
И теперь, как парламентская партия, мы будем помогать нашему президенту решать те актуальнейшие задачи, которые он обозначил во вчерашнем выступлении.
Функция политики – не только борьба, но и продвижение политической культуры.
Как партия парламентского меньшинства, мы неоднократно проигрывали голосование в парламенте по очень важным вопросам.
И по этому поводу мы даже обращались в Венецианскую комиссию по вопросам демократии при ОБСЕ.
Полученный нами ответ гласил, цитирую: «У вашей партии, как парламентской оппозиции, есть неотъемлемое право быть услышанным. Но решения принимаются парламентским большинством. И это соответствует принципам демократии».
Поэтому, повторюсь, как парламентская партия, мы будем помогать нашему президенту, хотя я лично голосовал за другого кандидата.
Но со вчерашнего дня Касым-Жомарт Токаев – избранный президент моей страны. И этим всё сказано.
Спасибо за внимание.