Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті
2019 ж. 05 маусым
2509
0
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Әңгімелесу барысында Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт меркесімен құттықтап, зор денсаулық және толағай табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
Тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.