Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді
2019 ж. 30 мамыр
2307
0
Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат спикері Дариға Назарбаева палатаның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде ант беру кезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралыс ұсыныс тастаған болатын.
Сенаторлар дауыс берді және осы бастаманы қолдады.
"Құрметті әріптестер, біз бүгін тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдадық. Бұл Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына және қазақстандық қоғамның бірігуіне зор үлес қосқаны үшін әділ баға және құрмет болып табылады. Барлығына үлкен рақмет. Енді ол Сенатқа келіп тұрады деп ойлаймыз " - деді Дариға Назарбаева.
29 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды. Ұсынысты Ресей президенті Владимир Путин көтерді және ЕАЭО елдерінің көшбасшылары оны қолдады.