ЖАҢАШЫЛ ДА, ЖАНАШЫР БАСШЫ
2019 ж. 04 мамыр
4978
4
Су шаруашылығы ардагерлерінің атынан алғыс
Жамбыл облысына қарасты су шаруашылығы нысандарының басым бөлігі сонау кеңестік кезең ішінде салынған. Ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегендіктен, нақты қолданыстағы жүйелер іс жүзінде өз міндеттерін толыққанды атқара алмайды. Сол себепті едәуір бөлігі қайта жаңғырту жұмыстарын қажет етеді. Облыста осыған байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы бүгінде өңірімізде айрықша қажеттілігі байқалып отырған мәселе, ең бір «жанды жерімізді» тап басуымен құнды болып отыр. Осы аталған бағдарлама Ислам Әбішев Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарып тұрған тұста ол кісінің орасан зор еңбегінің, байқампаздығының, іскерлігінің, жаңашылдығының және өз жұмысына шын жанашырлығының арқасында Жамбыл облысында алға жүріп, іске асқаны белгілі. Бүгінгі күнде, бағдарлама, аясында 436 нысанды қайта қалпына келтіріп, 86,2 мың гектар игерілмеген суармалы жерді мемлекеттің кепілдемесімен Халықаралық қаржы институтының есебінен іске қосу жоспарлануда. «Еуропа қайта құру және даму банкі» тарапынан 51,271 мың гектарды қамтитын 264 су шаруашылығы нысанының 31 дана жобалау жұмыстары толығымен аяқталып, қайта қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына 27,85 млрд. теңге жұмсалуы көзделген. Ал, «Азия даму банкі» тарапынан қарастырылған қалған 172 су шаруашылығы нысанының қалпына келтіруді талап ететін 34,977 мың. гектар жердің техника-экономикалық негіздемесі аяқталып, мемлекеттік сараптамадан оң нәтиже тапты. Сараптаманың нәтижесіне сәйкес, құрылыс жұмыстары 2020-2024 жылдар аралығын қамтиды деп жоспарлануда. Қайта қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына 27,524 млрд. теңге жұмсалуы көзделген. Одан басқа облысымызда: – Жаңа 3 су қойма салу аясында, техника-экономикалық негіздемесі жасалынып, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Олар: Қордай ауданындағы Ырғайты өзенінде «Ырғайты» су қоймасын салу (15,5 млн. м3) және осы аудандағы Қалғұтты өзенінде «Қалғұтты» су қоймасын салу (15,0 млн. м3), Байзақ ауданындағы Талас өзенінде «Ақмола» су қоймасын салу (11,1 млн. м3). – Апаттық жағдайдағы 3 су қоймаларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу аясында жұмыс жобалары жасалынып, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Олар: – Қарақоңыз су қоймасының (су жинау көлемі 8,5 млн.м кубтан, 18,5 млн.м кубқа дейін) суармалы жерлері 6,0 мың га; Тасөткел су қоймасының (450 млн.м3 тан 620 млн.м3 дейін) су қоймасының суармалы жерлері 20,0 мың га; Ынталы су қоймасының жөндеу жұмыстары аяқталса 3,8 мың га жер толығымен суғарылады; – «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру – 2 фаза» (ПУИД-2) бағдарламаға сәйкес жалпы 15 172 гектарды (3 аудан бойынша – Жамбыл, Қордай, Шу) қалпына келтіру жұмыстары басталған: Олар: құны 3,6 млрд. теңге құрайтын Жамбыл ауданы Қапал каналы бойынша 5000 гектар қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қордай және Шу аудандары бойынша мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынып, 2019 жылдын 2-тоқсанында құрылыс жұмыстары басталады. Қорыта келе, Ислам Әбішев мырзаның бастамасымен бастау тапқан мемлекеттік бағдарламаның жоспарланған жұмыстарын толығымен іске асырған жағдайда, Жамбыл облысына 70 млрд. теңге инвестиция кіреді, жылдық ішкі өнім 90,0 млрд. теңгеге өседі, судың шығыны 2 есе азаяды, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі 77% пайызға артады, елу мың адамға жаңа жұмыс орындары ашылады . Осы аталған еңбектерін ескере отырып, Жамбыл облысының су шаруашылығы ардагерлерінің атынан, И.Әбішев мырзаның пайғамбар жасқа толуы қарсаңында үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жамбыл облысы Су шаруашылығы ардагерлері атынан: А. Мамажанов, Д.Асамбеков, Ж.Түкебаев және т.б.
qazaquni.kz