Гаухар Әлімбекова: Мен ешқандай ақша алған жоқпын
2019 ж. 05 сәуір
3945
1
Әнші Гауһар Әлімбекова алаяқтық жасады деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Дегенмен үкім заңды күшіне енген жоқ.
2.04. 2019 ж. Алматы қаласы Алмалы аудандық соты отырысынан жүргізілген сараптама бойынша:
Сот алдында екі азаматша – 2016 жылы 6 жыл 8 жылға бас бостандығынан айырылған Феруза Ордабаева мен танымал қазақстандық әнші Гауһар Әлімбекова жауапқа тартылды.
Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес айыпталып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған әнші Гаухар Әлімбекованың айыпсыз екендігі нақты дәлелін таба алмауда. Дегенмен қорғаушы Абзал Құспан әншінің ешқандай кінәсі жоқтығын баяндайды.
«Шын мәнісінде әнші ол қызметінен ешқандай пайда көрген емес. Aıt-Hausıng түрік компониясының Алматы қаласынан 40 мың АҚШ долларына үй беретіні қызықтырған әнші Гаухар осыған дейін өз атына емес, інісіне және сіңлісіне пәтер алғандығын мойындайды. Жәбірленуші Бақыт Назаровамен арадағы таныстықтары бар болған соң тек делдалдық қызмет атқарды» - дейді қорғаушы.
Жәбірленуші Бақыт Назарованың айтуынша, Гаухар Әлімбекова 15 жылдай жақын құрбы болған. Әнші құрбысынан 40 мың доллар ақша алып, Алматының «Ақкент» тұрғын үй кешенінен пәтер алып беруге уәде берген. Алайда уәде орындалмаған.
Жәбірленуші қаражатты тауып беру үшін көлігін сатып, несие алғанын айтады. Ол моральдық өтемақы ретінде 51 мың доллар мен 10 млн теңге талап етеді. Сот оны ішінара ғана қабылдады. Айыпталушы жәбірленушіге 40 мың долларды қайтаруға міндеттелді.
«Мен осы уақытқа дейін Гауһарды күттім. Пенде ғой, барлық адам қателеседі дедім, тәубесіне келер дедім. Бірақ қазірдің өзінде бұл ісіне өкінбейтініне көзім жетті», – десе жәбірленуші Бақыт Назарова, «мен ешқандай ақша алған жоқпын» - дейді әнші Гаухар Әлімбекова.
Дәл осындай «алаяқтық» бабымен 7 жылға сотталып жатқан Фируза Ордабаева да: «бұл жерде Гаухардыңешқандай кінәсі жоқ» деп куәлік берді.
qazaquni.kz