"Невада-Семей" қозғалысының 30 жылдығына орай Астанада деректі фильм көрсетілімі өтеді
2019 ж. 25 ақпан
2458
0
2019 жылдың 26-шы ақпанында Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы (Center for International Security and Policy), Швейцарияның Қазақстандағы елшілігі мен М. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ сіздерді "КУДА ДУЛ ВЕТЕР" (Spring Films production) фильмінің көрсетіліміне шақырады. Фильм Қазақстанның және Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық антиядролық бастамаларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, көрсетілім «Невада-Семей» қозғалысының 30-жылдығына орайластырылып отыр.
Британ режиссері Андре Зингердің аталмыш документальді фильмі қырғи-қабақ соғысы кезінде 40 жыл бойы ірі державалардың өз халқының басын қатерге тіге отырып, жер бетінен күллі адамзатты жойып жібере алатын қуаты бар қаруды қалай жасағандары жөнінде баяндалады.
"Куда дул ветер" фильмі КСРО мен АҚШ-та орын алған ядролық сынақтар мен сол зұлмат сынақ алаңдары маңында шоғырланған халықтың денсаулығына жасаған кері әсері туралы айтылады. Сонымен қатар, фильмде «Невада-Семей» қозғалысының екі елдің белсенділері мен зардап шегушілерін біріктіре отырып Семей ядролық полигонын жабуға жасаға әрекеттері мен өзге полигондарда сынақ жүргізуді тоқтатуға қалай қол жеткізгендері жайында сөз етіледі.
Фильмде ядролық сынақтарға жалпы тиым салу Келісімінің жасалуына себепші болған Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық дұрыс шешімі мен саяси көрегендігінің халықаралық деңгейде қабылдануы мен гуманистикалық маңызына назар аударылады.
Шараға Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид, ҚАЗМЗУ Университетінің атқарушы вице-президенті Мирас Дауленов, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков және т.б. қонақтар қатысады.