ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
2019 ж. 28 қаңтар
4219
0
немесе білікті маман Гүлсара Тоққұлова 60 жаста
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Осы айтылған сөз Нағыз ұстаз Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызына арналғандай, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Білім технологиялары» кафедрасының доценті. 18 қаңтар1959 жыл, ОҚО облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Білімі: Арнаулы орта, 2 жоғары білімі бар. 1973-1977 жылы Түркістан педагогикалық училишесінің «Бастауыш сынып мұғалімі», 1981-1986 ж РКШ мамандығы Шымкент педагогикалық институтын, 2006-2008 ж.Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін бітірген. Ғылыми дәрежесі: ғылыми атағы: педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану Академиясының профессоры 2012 жылы алды. 2010 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы БД 14.61.35 біріккен диссертациялық кеңесіне «Ә.Сембаевтың қоғамдық - ағартушылық, ғылыми-педагогикалық қызметі» тақырыбында 13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылғы 25-мамырдағы шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. Педагогикалық саладағы өтілі 42 жыл, басшылық қызметте: 18 жыл. 1973 жылы орталау мектепті үздікке бітіріп, 1973-1977 жылдары Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищеде оқыды. 1977 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Түркістан қаласындағы №5 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. 1992-1994 жылдары сол мектептің директорының орынбасары педагог-психологы қызметін атқарды. Сол жылдары комсомол комитетінің төрайымы, кәсіподақтар комитетінің төрайымы, Облыстық кәсіподақтар кеңесінің мүшесі, сонымен қатар тәжірибелі маманның қалаға, облысқа озық тәжірибесі таратылды.Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі. 1992 жылы 3 қазан күні Дүниежүзі қазақтарының 1 құрылтайының Түркістандағы сценариін жазып, оны жүргізді. 1993 жылы «Үздік мұғалім» атанып қаланың үздік оқушыларына жетекшілік жасап, Түркия Республикасына «Түркістан-Байбұрт» достық іс-сапарымен барып қайтты. 2001-2004 жылдары Түркістан қаласындағы №16 Т.Бигельдинов атындағы, 2004 – 2005 жылдары № 19 Яссы орта мектеп директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2005 жылдың 1 сәуірінен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тәрбие орталығының директоры, “Б.Саттарханов атындағы “Намыс” жастар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі. 2006-2007жылдары осы университеттің Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты кадр бөлімінің бастығы. 2012-2015 оқу жылдары, Тарих-педагогика факультеті «5В010200 - Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. «5В010200 - Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметіндегі, 5В010200 мамандығы бойынша 2012-2015жылдары Республикалық деңгейдегі жетістіктері: 2012-2014 жылы IV Республикалық студенттердің 5В010200 мамандығы бойынша пәндік олимпиадасына «Шаңырақ» командасына жетекшілік жасап, I орын алды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы ғылым және білім миистрлігінің III дәрежелі дипломымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурстың қорытындысы бойынша «5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша марапатталды. «Бөбек» ҰҒПББСО-ның 30.10.-2.11.2012 жылғы «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты халықаралық пед оқу секция жетекшісі болды, Алматы қаласы,2012. «Бастауыш білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында Түркия Республикасы Гази университеті профессорлары Южель Гелишли, Мұстафа Калемен семинар өткізді. Факультет ғылыми кеңесінің мүшесі. 2012-2015 ж.университеттің салааралық координациалық ғылыми-техникалық Кеңесінің хатшысы. 2005 жылдан бүгінге дейін алыс шетелде, импак-факторлы журналдарда барлығы 100 ден астам ғылыми мақала жарық көрді. 2 монография «Ұлттық тәрбиенің бастауы» атты, 2 оқу, 2 оқу әдістемелік құралдарым баспадан шықты.Испания, Ресей, Түркия, Чехословакия, Египет, Англияда ғылыми мақалалары жарық көрген. 60 астам Халықаралық және Республикалық ғылыми конференцияларға қатысқан. 30 астам ғылыми еңбектерім ВАК журналдарда жарияланды. 5В010100, 5В010200 мамандықтары бойынша “Дуальды оқыту” жүйесін ендірген ғалым-ұстаз, 5В010200 мамандығы бойынша Түркістан қаласы, №23 мектеп базасында Халықаралық аккредитацияда “Мастер класс” өткізді.2017 жыл. Бүгінгі таңда бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда Түркия мемлекетімен ғылыми байланыстар жасауды қолға алуды жолға қойған ғалым – ұстаз ретінде университетте еңбегі бағалануда.Университет ғалым әйелдері атты энциклопедияда еңбектері жарияланды. Бастауыш білім беруді дамытудың тенденциялары мен болашағы бағыты бойынша ізденіс жұмыстарын жалғастыруда. Негізгі ғылыми бағыттары:- Жастарды ұлттық патриотизмге баулу, ұлттық тәрбиені бойына сіңіру;
- бастауыш білім беруді дамытудың бүгінгі ғылыми міндеттері;
- креативті, сыни ойлай алатын,коммуникативті және командада жұмыс істей алатын маман даярлау;