ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ
2018 ж. 29 маусым
4633
0
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
Көшірмесі: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат пен Мәжіліс спикерлеріне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министріне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министріне, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасына
А Ш Ы Қ Х А Т
Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстандықтардың санасына сілкініс алып келген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызда ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығын ерекше атап көрсеткен болатынсыз. Ұлттық код пен ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтынын дәл айттыңыз. Соның ішінде ұлттық музыкамыздың рөлін де айқындап бердіңіз. Ғасырлар қойнауынан жеткен дәстүрлі ұлттық өнердің бүгінгі жағдайы мен келешегіне алаңдаушылық танытып жүрген бір топ өнер қайраткерлері төл өнеріміздің жанашыры ретінде Өзіңізге үлкен сеніммен Ашық хат жазып отырмыз. Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың ақпарат тұтыну дағдылары мен талғамдарын түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Аталмыш трендтердің дәстүрлі өнерді де айналып өтпейтіндігін өнер қайраткерлері жақсы сезінеді. Түрлі жас өкілдеріне тартымды болудың жалғыз жолы – ұлттық мазмұн мен сипатты сақтай отырып, заманауи шешімдер мен ұстанымдарға сүйену керектігін де терең түсінеміз. Сонымен бірге кез келген өнер түрінің кең етек жайып, жаппай сұранысқа ие болуы жүйелі насихатқа тәуелді. Насихат – талғам қалыптастырушы жойқын құрал. Өкінішке қарай, ұлттық өнердің насихаты тиісті деңгейде жүзеге асырылмауы бізді қатты алаңдатады. Күн өткен сайын дәстүрлі ұлттық өнердің отандық телеарналар, радиолар мен өзге де БАҚ-тардағы үлес салмағы азайып барады. Соның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылып отырған «Қазақстан» Ұлттық арнасында да ұлттық өнерге жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Дәстүрлі өнеріміздің бай тарихын паш етудің, оның бүгінгі тұрпатын көрсетудің, ертеңгі жағдайын сөз етудің орнына ұлттық менталитетімізге мүлдем жат, тәлім-тәрбиемізге кереғар түрлі шетелдік телебағдарламалар, сериалдар мен жеңіл ағымды музыка түрлері насихатталуда. Рейтингісі төмен деген желеумен дәстүрлі өнерге қатысты бағдарламаларды эфирден алып тастасақ, онда оның орнын арзанқол бұқаралық мәдениет туындылары басады. Бұл өз кезегінде қоғамның маргиналдануына алып келетіні сөзсіз. Кезінде қозы көш жерге дауыс оздырған бабаларымыздың әншілік дәстүрінің орнына жасанды дауыс фонограммамен айтатын өнерпаздар шаш етектен көбейді. Көрші Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінде фонограммаға көп уақыттан бері тыйым салынған. Бізде де шын өнердің басы төрге шығу үшін арнайы заң қабылдану керек деп есептейміз. Қарапайым халық ненің асыл, ненің жасық екенін айырудан қалып барады. Осындай келеңсіздікке, рухани дағдарысқа әкелген өзіміздің отандық телеарналар екені даусыз. Осы аталған өткір мәселелерге қатысты мемлекеттік деңгейде қамқорлық пен оң көзқарас керек деп санаймыз. Ұлттық өнер – Ұлт Көшбасшысының тікелей қамқорлығына зәру. Сондықтан, біздер, төменде қол қоюшы ұлттық өнер иелері, Сізден осы ұсыныстарымызға көңіл бөліп, қолдау білдіруіңізді өтінеміз. Біріншіден, халқымыздың ұлттық коды, санасы мен болмысы, қала берді тұтас тарихы қазақтың халық жырлары мен терме, толғауларында, әні мен күйінде, фольклорында сақталған. Сан ғасыр бойына қазақ халқын ұлттық рухта тәрбиелеп келген дәстүрлі музыкалық өнердің маңыздылығы бүгінгі әлемдік жаһандану дәуірінде арта түспесе кемімеуі тиіс. Республика аумағында хабар тарататын мемлекеттік және коммерциялық телеарналар дәстүрлі ұлттық өнер тарихы мен оның бүгінгі кәсіби орындаушыларын мақсатты түрде күнделікті насихаттап отырса, ұрпақ бойындағы ұлттық кодты сақтау мәселесі де оң шешімін тапқан болар еді. Сол себепті, мәңгілік мұра ретінде дәстүрлі музыкалық өнерімізді сақтау, насихаттау, әрі дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсетілуін сұраймыз. Екіншіден, кез-келген өнер түрінің кәсіби дамуына кедергі келтіретін фонограммамен ән, күй орындауға мемлекет тарапынан заңмен шектеу қоюдың уақыты жеткендігін айтқымыз келеді. Аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден осы мәселелердің жедел арада оң шешім табуына ықпал етуді сұрап, қазақ елінің болашағы үшін қашан да аман болуыңызды тілейміз! Бекбосынов Қажыбек, Қазақстанның Халық әртісі, Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры, әнші; Шәкіратов Сержан, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, күйші; Каленбаева Меруерт, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі; Сахарбаева Кәрима, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының деканы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері; Жанпейісова Сәуле, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әнші; Үлкенбаева Айгүл, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, күйші; Стамғазиев Рамазан, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі, доцент, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, әнші; Райымбергенов Абдулхамит, «Көкіл» өнер мектебінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері, өнер зерттеушісі, күйші; Мықтыбаев Батыржан, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, күйші; Шүкіманов Еркін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші; Қосбасаров Базархан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, қобызшы; Молдакаримова Ғалия, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасының Халық артисі, қобызшы; Ысқақов Біләл, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, күйші; Әшіров Нұркен, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, күйші; Төлеутай Ерлан, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, өнертанушы, зерттеуші, дәстүрлі әнші; Дәулет Жарылқасын, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, композитор; Байбосынова Ұлжан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жыршы; Исатаева Ардақ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші; Жанпейісов Нұржан, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші; Жұмаділова Рымкеш, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі; Жүзбай Жанғали, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертанушы, күйші; Мұстафаев Ерболат, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, күйші; Айтбаев Ербол, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, әнші; Рауандина Шолпан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, қобызшы; Болтаева Ғайни, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушыcы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, қобызшы; Смақова Зәуре, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті; Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, сырнайшы; Сабырова Әлия, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты; Бердібаева Айжан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, доктор (PhD); Басығара Ерсайын, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, шертерші; Ізмұратова Зәмзәгүл, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, шертерші; Далбағай Гүлфайруз, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, саз сырнайшы; Жақыпбек Нұргүл, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, жетігенші; Жұмағалиев Қуаныш, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті , Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, күйші; Cадықов Сәлімгерей, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, күйші; Мұқышев Талғат, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, сыбызғышы; Құрманғалиев Тілеулес, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлтық консерваториясының аға оқытушысы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші; Мұрат Әбуғазы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, өнер зерттеушісі, күйші; Ахатов Асылбек, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, күйші; Құдайбергенова Салтанат, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, күйші; Күзеубай Амангелді, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының докторы (PHD), әнші; Қарсақбаева Айгерім, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Қобыз-баян кафедрасының меңгерушісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, қобызшы; Даржанова Шолпан, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші; Бәбіжан Бағлан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлтық консерваториясының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, әнші; Қарабалина Эльза, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлтық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші; Абуғазин Талғат , Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің «Халық әні және аспаптар» ТБК-нің төрағасы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, әнші; Шаңбаев Есбол, Мемлекеттік қыздар педогогикалық университетінің оқытушысы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, өнертану ғылымдарының магистрі, әнші; Адыкеев Қазбек , «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі; Таңғытұлы Мұқаш, күйші; Қаниева Сәуле – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күйші; Жұмағалиева Алтынай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, күйші; Алина Әсел, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, күйші; Медеубек Мақсат, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, қыл қобызшы; Тілепбергенов Абылай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, күйші; Тоғжанов Төлепберген, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері; Пазылов Серік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, күйші; Қойшыбаев Абай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, күйші; Қаржаубаева Венера, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлтық консерваториясының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, дәстүрлі әнші; Қайроллаев Күнқожа, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлтық консерваториясының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі, жыршы; Жәменкеев Ержан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, күйші; Ерімбетова Ақмарал, Абыл Тарақұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты; Тұрарова Перизат, Астана Мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты; Нартүйеева Айгерім, Астана Мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты; Маясаров Жақсыкелді, Астана Мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты; Елікбай Иса, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жыршы; Жүсіпов Қоныс, Республикалық конкурстардың лауреаты, жыршы; Амандық Көмеков, жыршы; Саян Ақмолда, күйші.qazaquni.kz