«Самал Канн фестивалiнiң, ал Димаш Қытайдың арқасында танымал болды» дегендi қою керек. Олар - елiмiзде өсiп-өркендеп, үлкен жетiстiкке жеткен өнерлi азаматтар. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы халыққа есеп беру кездесуiнде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
«Димаш Қытайдың арқасында танымал болды» дегендi қою керек - министр
2018 ж. 22 маусым
2659
0
«Самал Еслямованың жеңiсi - бiздiң әрқайсымыз үшiн үлкен қуаныш. Самал - посткеңестiк кеңiстiкте үздiк әйел рөлi үшiн Канн фестивалiнiң басты сыйлығын алған тұңғыш актриса. Бұны мақтан тұту керек. Мысалы, осы аталымдағы басқа жеңiмпаздарды қарасақ, олар: Софи Лорен, Мэрил Стрип, Джуллиана Мур, Пенелопа Крус, Диана Крюгер және тағы басқа мықты жұлдыздар. Менi «Канн фестивалi мен француздар болмаса, Самал Еслямова жетiстiкке жетпеушi едi», «Димаш Қытайдың арқасында танымал болды» деген ой әрдайым таң қалдырады. Димаш өзi Қазақстанда қалыптасып, танылғанын айтады. Ол бiздiң Ұлттық өнер университетiнiң студентi. Бiздегi бұл психология еш өзгермейдi», - дедi Мұхамедиұлы.
Министр осыған орай бiрнеше мысал келтiрдi. Мәселен, Ресейде туған танымал әртiс Альбина Джанабаеваның әкесi қазақ болғандықтан ол «түп-тамырым - қазақ» деп мақтанады екен.
«Ал бiз «Димаш өз елiнде танылды» десек, «жоқ ол Қытайда танымал болды» деген пiкiрлердi естимiз. Димаш бәрiбiр жұлдыз болушы едi. Себебi, конкурстар түрлi елдерде өтедi. Ал ол сол кезде Қытайға барып қалды. Ондай болса, «Серiк Сәпиев ағылшындардың арқасында танылды» деп айтайық. Өйткенi, ол Лондонда жеңiске жеттi ғой. Ал сонда Серiк «Мен Лондонға дейiн бiрнеше рет Әлем чемпионы болдым» демей ме. Немесе Данияр Елеусiновке «Рионың арқасында танымал болдың», Ольга Шишигинаға «Австралияның арқасында танымал болдың» десек дұрыс емес қой. Бұндай қарым-қатынас жарамайды. Олимпиада ойындары мен халықаралық конкурстар өз талантын көрсету үшiн арнайы өткiзiледi», - дедi Арыстанбек Мұхамедиұлы.