Белгілі жазушы: Том-том романдар салмақты ма, әлде, ел үшін нақты ерліктер қымбат па?!.
2018 ж. 21 мамыр
11006
3
Әдетте, ақындар мен жазушыларға әдебиет сыншылары сын айтып,баға береді, Бұл мақалада оқырмандар сөйлейді, ақын-жазушыларға ащы сабақ береді;қоғамдық ойға қозғау салады; өз іштерінде қайнаған ойларын ашынып қатты айтады.
1.
Наурыз айында өткен Қазақстан Жазушылары хv Құрылтайының үлкен дау-дамаймен өткені елде ұятырақ оқиға болғаны белгілі.Одан кейін де оның дүмпуі көпке дейін басылмай қойды.Әсіресе, әлеуметтік желіде қатты талқыланды.Құрылтайда Одақтың бұрынғы басқармасына ащы сөздер айтқан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов пен Мұхтар Шаханов өз қаламдастары тарапынан қатты сынға ұшырады.Әрине,олардың өздерінен де бар,дегенмен сонша ара талағандай еткендері жөн болмады.Мен, әсіресе,Мұхтарға айтылған әсіре сын,қорлау сөздерге шыдай алмай, «Қазіргі қазақ қоғамының қаһарманы кім?» деген Мұхаң туралы мақала жазып жалпы жұртқа сұрау тастадым. Ол әлеуметтік желіде және «Жас Алаш» газетінде, «Қазақ үні» газеті мен сайдтарда жарияланды,теледидардан берілді. Әлеметтік желіде екі мыңнан астам адам пікір білдірді.Солардың 99 пайызы Мұхаңды жан салып қорғады,жүздеген жүрек тебірентерлік ыстық лебіздер айтылды.
Желіде одан кейін тағы екі дүркін Мұхаңды қызғыштай қорғаған пікірайтыс болды, Оған ақын Серік Ақсұңқарұлының бір газетте шыққан: «М.Шаханов үйінде тыныш жатпай,көшеге шығып кетіп еді,сүйкімсіз болып қалды» деген мағынада пікір айтқаны себеп болды.Жүйкесі жұқарған жұрт Серіктің республикаға белгілі де айтулы ақын екеніне қараған жоқ,оның адресіне ауыр сөздерді қарша боратты.
Бұл— біздің қарапайым азаматтарымыздың елдік мәселеде азаматтық белсенділігінің жоғары екендігін көрсетті! Мұны әлеуметтік зерттеу десе де болады. Біз бұған қуансақ керек. Адам, азамат, ақын –бұлар кімдер? Ақындардың басты міндеті не? Жатып алып өлең жаза берсе болғаны ма? Міне ақындар үшін осы өзекті мәселелер қатты сөз болды. Сол себепті мұны айналып өтуге болмайды.Енді пікірлерге кезек берейік.
Жасұлан Ыбыраев: «...Ұлт үшін өлең жазып,жыр жырлаған батыр емес,ұлт үшін мінбеге шығып,билікке шындықты ашып,бар даусымен айқайлап айтқан адам батыр! Мұхтар ағамыз дәл сондай адам!» Міне қандай тамаша пікір!Нағыз шындық сөз, дұрыс пікір осы! Демек, адамды сұлу сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағалау керек дейді оқырмандарымыз. Мұны бірінші сабақ деуге әбден болады.
Есбол Махисов: «Елінің қайғысына қайғырып,халқының мұңына қабырғасы қайысып, ел үшін «Аттандап!» атқа мінбесе,онда оның несі ақын?!Ақын деген судыратып құр өлең жаза бермесе керек. Үйінде жатып алып,ақ парақты шимайлай беретін ақынды мен ақын деп санамаймын.Екіншіден, Мұхтар ағаға баға беріп, сын пайту үшінг,ол кісінің халқы үшін бітірген ісінің 100 ден бірін істеп алсын!» деп түйіндеген. Ал бұған қайсымыз қарсы шығып,не уәж айта алар екенбіз?! Айта алмаймыз.Желі газет емес,онда көпсөзділікке орын жоқ.Мұндағылар аз сөзге осылай көп мағына сыйғызып,қысқа айтса да нұсқа ғып айтады.Есбол да міне бір мақалаға жүк болғандай пікір айтқан. Міне бұл- екінші сабақ!
Асқархан Нұрахметов: «Ақын ең бастысы,халқымен бірге отқа да, суға да түсуі керек.Мұхтар сондай ақын! Ең жаманы бұл –сарай ақыны».
Жексен Әбдірахманов: «Мұхтар аға Шахановтан артық жатқа оқылатын ақын қазақта болған емес. «Ғашықтық ғаламатын» біздің буында жатқа оқымаған замандасымыз кем де кем.Қазақтың бүгіні мен болашағы үшін арыстандай алысып, келе жатқан текті ақын!Мұхтар ағадай болуға тырыссын,ақынмын дегендер.Ақын болса,Шахановтай азамат болсын! Елім, жерім,деуге шамасы келмеген,сулу сөзді шұбаттай қанша созса да оларды ақын деуге аузым бармайды». Бұған мен мынадай сөз қосқым келеді.Бүгінде анау ақын оқулары,мынау ақын күндері деп мектеп оқушыларына сол ақынның өлеңдерін мәжбүрлеп жаттату орын алуда. Ал Жексен айтып отырғандай, Мұқтар өлеңдерін жұрт өз еріктерімен оқып жаппай жаттаған ғой.Оның «Ғашықтық ғаламатынан» басқа «Танакөз», «Қараспан қыпшақтары» поэмалары қандай еді!
Имаш Тілеухан: «Қоғамдағы шындықты өлеңінен де, өзінен де таппайтын ақындарды қайтеміз?
Төлеш Сүлеймен: «Махамбеттің іргені түріп қойып,қос құс жастықты жастанып жамбастап жатып алып,хан шатырына көз астымен қарап қойып,өлең жазып жатқаны,ә?!» О, қалай айтады,неткен керемет тауып айтылған астарлы мағыналы сөз дейсіз!
Ия, мына жоғарыдағы пікірлер –ақынға да,жазушыға да, әдебиет сыншыларына да зор сабақ әрі қатаң талап! Қазір сыншымыз деп жүргендер бірыңғай мақтауда алдына жан салмайды.Жағымпаздық әдебиет сынын да жаулап алды. Сыншылар қай ақынды алса да көпірте мақтаумен классик етіп шығарады.Ал жоғарыдағыдай халықтық позициядан пікір айтып,, ақынның қалың томында елінің мұңын мұңдап,жоғын жоқтаған күрескер рухты жырлар бар ма екен деп іздеп,бағалау деген бізде жоқ қой. И.Тілеухан айтып отырғандай,өлеңінен де, өзінен де қоғамдағы шындықты іздесең таппайтын ақындарды, шынында, қалай бағалауымыз керек?
Бұл міне халық төтесінен қойып отырған сұрақ! Сыншыларға сабақ болатын сұрақ! Соған қарап сыншыларды да сынауға болатын сұрақ!Осы сұрақты біз сыншылар ақындарға батыл қоя алмай жүрміз бе? Әринге,жоқ. «Мына жыр жинағыңда бәрі бар, өлеңдерің жақсы,бірақ қоғамдағы шындық жоқ екен,шындық қайда?» деп, ақыннан сұрап, сынға алуымыз керек екен-ау! Имаштың бар болғаны осы бір сөйлем сауалын бәріміз жаттап алып,қанатты сөз есебінде дәптерге жазып қойсақ артық емес.Бұл да міне үшінші ащы сабақ!
Ақындар,міне бізге халық осындай сабақ беріп отыр, ой салып отыр,Бұл пікірлерге жекелеген адамдардың сөзі деп қарауға болмайды.Бұлар қарапайым халық сөзі.Халықтан артық асырып айта алмайды екенбіз.Неткен аталы да өткір сөздер десеңізші!- деп, өзім сүйсініп таңдай қағудамын.Бір сөзбен тауып айтады,түйреп те тастайды.
Сондай ең ауыр батпандай сөзді Ерлан Мырза ортаға тастай салыпты:
«Ақынмын деп қағазға сыза бергендер бөрібасардың үйшігінен шықпай жата бергеніндей боп көрінбей ме?!» депті. Түу! Нағыз сатира!
Мына азамат үй-үйшіктеріңнен көшеге, Мұхаң сияқты халық арасына шығыңдар деп отыр емес пе. Ал ақындар таңдау өздеріңде. Кімге көше, кімге үйшік?! Осыған дейін ешкімнен естімеген, маңдайдан соғып, есенгіретіп тастайтын ащы сабақтың көкесі осы шығар!!
Енді бірі Шахановтың жағасынан алмас бұрын, оның ел үшін істеген ісінің тым болмаса, жүзден бірін істе,сосын барып,үйіңде көсіл, шідерің үзілгенше шірен деді ғой басында. Ал бұған не дейсіздер?! Түк дей алмаймыз.Өйткені өлең жазудан басқа түк бітіріп жүргеміз жоқ. Көбіне ойдан шығарылып жазылатын том-том романдар салмақты ма, немесе ел үшін нақты іс пен азаматтық ерліктер қымбат па! Қазақ қайсысына мұқтаж? Ойланайық ақындар!!! Халықтың жоғарыдағы ащы сындарынан сабақ алайық!!
Жұма-Назар СОМЖҮРЕК,
әдебиет сыншысы