Бала-шағамды 10 жыл бойы халықтан жасыру оңай болған жоқ - Қайрат Нұртас
2018 ж. 26 наурыз
5597
16
Әнші Қайрат Нұртас Астана мен Алматы қалаларында Наурыз мерекесі қарсаңында отбасылық концерт қойды. Қайраттың ата-анасы, әйелі және төрт баласы да сахнаға шығып, өнер көрсетті. Қайрат Нұртас өзінің Instagram парақшасында концертке келген қауымға алғыс білдіріп, көптен бері бала-шағасын xалыққа таныстыруды армандағанын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz. Айта кетейік, Қайрат Нұртастың жеке өмірі және отбасы жайлы мәліметтер он жылдан астам уақыт бойы құпия болып келген еді. Көпшілік оның отбасы, балалары туралы хабардар болғанымен, бұл туралы ресми түрде айтылмай келген. «Көптен бері бала-шағамды xалыққа таныстыру арманым еді. Менің де әке болып балаларыммен мақтанғым келеді. 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ. Қаншама ауыр сөздер естіп, негізсіз кінә тағылды. Осының барлығына нүкте қойылғанына ризамын. Кешіміздің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан қоюшы-режиссер, менің директорым Мира Келімбетоваға (...) үлкен ризашылығымды білдіремін!», - деді Қайрат Нұртас. Ал, бұған дейін де концерттерде жиі ән салып, өнер көрсетіп жүрген әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков әр нәрсенің өз уақыты бар деп айтқан болатын. «Құдай қаласа немерелерімнің шығатын уақыты келді. Өмірімнің жалғасы, Құдайдың бере салғандарын xалық ұзақ күткен сияқты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Алтындарым тіл-көзден аман болып, концертті абыроймен өткізсек болғаны», - деді Нұртас Айдарбеков. Әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдукәрімованы 2017 жылы қазанда өткен «Арман...» атты фильмнің таныстырылымында ғана ел алдына алып шығып таныстырды. Ал, Жұлдыз Әбдукәрімова болашақ жолдасымен қалай танысқанын, осы уақытқа дейін құпия өмір сүруге қалай шыдап келгенін және екі ұл, екі қыздарының бар екенін мәлімдеді. «Бізге жиі қойылатын: "Қайда? Қалай таныстыңыздар?" - деген сұраққа қысқаша жауап беруге тырысайын. 2004 жыл...Күз... Жаңа оқу жылы... РЭЦК... Қайрат - вокал, ал мен - актер бөлімінде оқып жүрген кезіміз. Бір-бірімізді сырттай біліп жүргенімен, арнайы таныс болған емеспіз. Бір ай бойы көзбен ғана танысып, бір-бірімізді бақылап жүрдік. Бірақ, мен оны көрген сайын, жүрегім еріксіз жылып, жүзім жайнап, ішкі жан дүнием езіле қалатын. Алайда, санам бұл сезімдерді қабылдамайтын, мінезім де сезімдерге ерік бермейтін, жігітті менсінбейтін, өзіме де, өзгеге де қатал Жұлдыз болатынмын. Тууу, не дейді, Жұлдыз xаным,- өзін бір сұлууумын дей ме?!. Сонда да, бойжеткеннің жігітке сезімін бірінші еш уақытта білдірмеу керек деген, қағида санамда әбден сіңіп қалған. Қазан айының шуақты күнінде, асxанада, түскі асымды алып тұрған кезімде, Қайратты жоғарғы курстың бірі (өздерінің системасы бойынша), қасыққа жұмсағанын құлағым шалып қалды. Сол стол басында, өзімнің де топтастарымның отырғанын байқап, қасықты Қайраттан бұрын, өзімнің тақтайшама қойып алып, «Өзім апарып беремін»- дедім де, бір жымиып, жанынан өтіп кете бардым. Қайрекең тұрған бойда, артымнан қарап, үнсіз қала берді... Сол екі арада, көздеріміз тоғысып, ортамыздан бір ұшқын ұшып өткен тәрізді... Құдды үнді кинодағыдай болды. Мені ең бірінші рет көрген кезінде де, сол үнді актрисаларының біріне ұқсатқанын жасырмады. Алғашқы таныстығымыз осылай басталып еді... Ең тәтті, таза әрі алаңсыз өміріміздің бастамасы деп білемін. Жалпы, екеуміздің студенттік кезіміз қызығы мен қатар шыжығына да толы болатын», - деді Жұлдыз Әбдукәрімова.