Үмітхан Мұңалбаева: Наурыз – ізгілік пен татулықтың мерекесі саналады
2018 ж. 21 наурыз
5496
0
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңеліп, жер-жаһанды самалға өбкізіп, Алланың нұрын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін өткен жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, тас жүректерді мейірімге толтырған және ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі, Алаштың баласына нәсіп болған - НАУРЫЗ мейрамы құтты болсын!
Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады. Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке-бірлік тілеймін. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін.
Сіздерге шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілейтін тілектерімізді қабыл алыңыздар!
Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Кең болсын қазағымның керегесі,
кетпесін Алла берген берекесі!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
ҮМІТХАН ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы,
педагогика ғылымдарының докторы, профессоры