«Желтоқсанда Жайыққа ат басын бұрдым»
2017 ж. 18 желтоқсан
2926
2
Жексенбі күні облыс әкімі Алтай Көлгінов ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, М. Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, танымал жазушы, драматург Сәбит Досановпен және оның жұбайы ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым Құралай Аққошқарова, інісі, белгілі кәсіпкер Ғабит Досанов, ақын, танымал публицист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбаев, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, «Қазақ үні» газетінің президенті, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Исамен кездесті.
Танымал жазушы Сәбит Досанов «Тозақ шеңбері» атты пьесасының тұсаукесеріне орай, Ақ Жайыққа ат басын бұрдым дейді.
– Желтоқсан айы – тарихи күндерге толы. Соның ішінде Желтоқсан көтерілісі арқылы ғасырлар бойы ата-бабамыз арманда-ған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деп тілеймін! Облыс әкімімен болған кездесуде егемендігіміз, оны баянды ету туралы пікір алыстық. Басшымыз біреу болса, қалғанымыз тіреу болуымыз керек. Елдің жағдайы туралы сөз қозғадық. Ең бастысы еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, – деді журналистермен ой бөліскен Сәбит Айтмұханұлы.
Гүлжамал КЕНЖЕҒАЛИЕВА
"Орал өңірі"