ЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҮНІН ТАҒЫ ЕСТІДІ…
2017 ж. 03 желтоқсан
4445
7
НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК
Олар Қытайдың мемлекеттік төрағасы Си Жинпинге жазылған, Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімі бар хатты Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырды.
***
Қазағының мұңын мұңдап жоқтаған, Азат пенен Қазыбекке мың алғыс! Демеу болсын «Ұлы Көшке» тоқтаған, Мынау нағыз Ұлтым үшін қыран күш!
Өтірік пе, қаншама рет зар болдық, Құр өкпелеп Уақыт пенен Заманға. Шын мәнінде «АҚЖОЛ» - нағыз ақжолдық Барғаны ерлік - мұндай ірі қадамға!
Тура нағыз жүрегінде алыптың, Селт еткізген ұйқыдағы естіні! Бас қаласы сан миллиард халықтың, Қазақ зарын өз аузынан естіді!
Бір жарық етті Қазағымның арманы, Сілкіп тастап енжарлық пен тасаны! 26 жыл Тәуелсіз Ел алғалы, Қос азамат ерлік қадам жасады!
Жігер берер ойландырып естіні, Бұлқынған ұлт шарт үзгендей торды әні! Ер Қазақтың үнін тағы естіді, Сан мың жылдық Ұлы Қытай қорғаны... Жұмаш КЕНЕБАЙ, ақын, публицист, халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреатыjuldizdar.kz