Қайрат Нұртастың жаңа фильміне 18+ деген шектеу қойылды
2017 ж. 11 қазан
2822
5
Қайрат Нұртастың жаңа фильміне "18+" жас шектеуі қойылды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Алдын-ала көрсетілімнен кейін белгілі болғандай "Арман" фильмінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік кадрлары бар.
"Фильм дистрибьюторы "Sulpak cinema" ЖШС аталмыш фильмге прокатқа шығару куәлігін алғаннан кейін, индексті "Е18"-ге дейін жоғарылатуға өтініш берген. Себебі, фильмде зорлық-зомбылық пен қатыгездік кадрлары бар. Сондықтан, фильмге жас шектеуі қойылған", - деді Мәдениет министрлігі өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.