Динара Сәтжан: Латын әліпбиі қазақтар мен шала қазақтарды біріктіреді
2017 ж. 29 қыркүйек
3522
7
Динара Сәтжан бүгін Астанада өткен қоғам белсенділерінің қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін қолдау Манифесін таныстыру барысында жаңа әліпбиге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Сонымен қатар ол қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдау туралы Манифестке кімдер қол қойғандығын айтып берді.
«Менің ойымша бұл Манифеске қоғамда өз орны бар, қазақ елінің болашағына немқұрайлы қарамайтын, өз елі үшін күніне бір жақсылық жасап жүретін адамдар қол қойды» – дейді Динара Сәтжан.