ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ КІТАП БАСУ ІСІ
2017 ж. 18 тамыз
2517
0
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында Халықаралық мамандырылған көрме аясында «Ұлы Жібек жолындағы кітап басу ісі» атты лекция-көрмес өткізілді.
Лекция-көрменің басты мақсаты: Орталық Азия аймағында еуразиялық мәдениеттің және халықтардың мәдениетаралық сұхбат мәтініндегі тарихи құндылықтарды одан әрі дамытуға себін тигізу. Жобаның негізгі міндеті Жібек жолы бойындағы кітап басу тарихын үйренуге, жалпытарихтық құндылықтар мен жалпыхалықтық мәдениетті сақтау бойынша бірегей алаңды құру болып табылады.
Көрмеде 100-ден астам Ұлттық академиялық кітапхана мен Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығының қорларынан кітаптар қойылады. Олардың арасында: Жан-Пьер-Дрежаның «Марко Поло и Шелковый путь» атты қолжазбасы мен энциклопедиялық басылым «Великий Шекловый путь на территории Казахстана» және т.б.
Тарихқа үңілсек, Ұлы Жібек жолындағы кітап басу ісі кең етек жайған болатын. Орта Азиядан бастау алған әлеуметтік жағдай Батыс Еуропа елдерімен де тағыз байланыста болды.
Венгрия саяхатшысы Иштван Бенце:
– Рақмет сөз бергендеріңізге, ме қазақ жерін 2-ші үйім деп білемін. Бұл үшінші рет тарихи экспедициям. Биыл әдейілеп келдім, себебі, әлемді аузына қаратқан ЕХРО-2017 сіздердің елдеріңіз Астанада болып жатыр. Ұлы дала расымен де ұлы мәнге ие болды деп ойлаймын. Қазақ-Мадиярлар арасындағы тығыз байланыс көп. Мен 18 жылдан бері ұдайы келіп-кетіп жүрмын. Астананың күннен-күнге дамуын дамып өзгеруіне куәмін. Қазақтарда ерекше күш-жігер бар. Ұлы Жібек жолына тікелей байланысымыз болмаса да, тарихи-мәдени аймаққа қашанда көз тігіп отырамыз. Мажарлар кезінде қымбат тері сатумен айналысқан. Юлиан атты пірадар 1237 жылы Марко Полодан бұрын Шығысқа саяхат жасаған адам. Қазір осылар турасында кітап жазу үстіндемін. Қыпшақтар мен Мадиярлар жасасын!!! Экономика ғылымдарының кандидаты – А.С. Күзеков: Бүгінгі шара керемет. Бұл егемендігіміздің арқасы деп білемін. Сирек кітаптар деп бекер айтылмаған, менімше осы сирек кітаптарды зерттеу керек. Жібек жолы болмаса қарым-қатынас болмас еді. Көп нәрселерді зерттей алсақ, мәңгілік елдің жолын мәңгі ете алар едік. Басшылыққа ризашылығымды білдіремін!
Лекция-көрмеге Қазақстандағы Венгрия өкілдері, Венгрия саяхатшысы Иштван Бенце, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, білім, ғылым және мәдени мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жоғары оқу орнының профессорлары, жалпы қоғамдық жастар бірлестігінің мүшелері қатысты. Көрмеде 100 ден астам Ұлттық академиялық ктапхана мен Қолжазбалар мен сирек кітаптар Ұлттық орталығының қорларынан кітаптар ұсынылды. Олардың арасында: Жан-Пьер-Дрежаның «Марко Поло и Шелковый путь» атты қолжазбасы мен энциклопедиялық басылым «Великий Шекловый путь на территории Казахстана» және т.б.