Бас мүфти - Жат ағымда жүргендер мешітке тек жұма күні ғана келеді
2017 ж. 23 мамыр
3851
6
Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы экстремизммен күрестің дінге кесірі тиіп кетпеуін сұрап алаңдады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Бас мүфти парламент депутаттары жиналған кездесуде имамдардың басын арашалап алды. Ол теолог жұмысы мен имам атқаратын міндеттерді шатастырмауды сұрады.
«Имам басқа нәрсе, теолог басқа нәрсе. Имамның міндеті мешітте жұма намазын айтады, біреу қайтыс болса жаназасын, бала дүниеге келсе азан шығарады. Имам уахабизммен жүрген адаммен сөйлесе алмайды. Біз неге ол имамнан «Сен неге сөйлеспейсің?» деп сұрауымыз керек. Олармен арнайы теологтар сөйлеседі. Бізде теологтар жоқ. Теологтардың орнына имамдарды саламыз. Қазір құмға сіңгендей маман жоқ. Ақтөбеге он теолог келіп жұмыс істеп кетті. Олар кімдер деп ойлайсыздар? Имамдар. Әкімшілік келу қаражатын көтерді. Теолог деп айтамыз, бірақ әр мешіттің имамдары келді. Мәселен, абақтыда 96 имамымыз күнделікті жұмыс істеп жатыр. Имамдар күнде абақтыда экстремизм бабымен отырғандарға сабақ береді. Соның нәтижесінде 2016 жылы 196 адам дәстүрлі дінге қайтты», - деді бас мүфти.