ЖАЗУШЫЛАР ЕЛБАСЫ ТҰЖЫРЫМЫНА ҮН ҚОСТЫ
2017 ж. 20 мамыр
2501
0
Қазақстан Жазушылар одағының кезекті 5-ші Пленумы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген жәйттерге арналды.
Тақырыптқа қатысты баяндама жасаған шығармашылық ұйым төрағасы Нұрлан Оразалин мәселе мәніне тоқтала келіп: «Ел талқысына түсіп, жалпы халықтық қолдауға ие болған тарихи құжат жас мемлекеттің өскелең заман талаптарына сай өркендеуіне айқын бағыт сілтейтіндігі даусыз. Қайта түлеуіміздің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруға қатысты тұжырымды жаңа заман талаптарына сай өмір сүрудің, жаңа ғасырда ұлттық болмыс-бітімді сақтаудың, сондай-ақ осы кезеңде кездесетін күрделі проблемаларды шешудің ұлттық бағдарламасы деуге толық қақымыз бар» деді. Одақ жетекшісі бұған қоса аталған дүниенің қаламгерлер еңбегіне де көптеген жеңілдіктер туғыза бастайтындығына баса тоқталды. Мәселен: «Баршаңызды айрықша қуанышпен құттықтағым келеді. Президент қаламгерлер қауымы көптен күткен қаламақы туралы құжатқа – қос палатаның сүзгі-талқысынан өткен Мәдениетке қатысты толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды» деді. Жиында белгілі қаламгерлер Бексұлтан Нұржекеұлы, Смағұл Елубай, Дулат Исабеков, Сұлтанәлі Балғабаев, Ахметжан Ашири, Любвь Шашкова, Бақыт Беделхан және басқалар өз ойларын ортаға салды.
Пленум күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Үндеу қабылдап, арнайы Қаулы жобасын әзірледі. Бұларды одақ төрағасының орынбасарлары Ғалым Жайлыбай мен Жанарбек Әшімжан оқып берді.
qazaquni.kz