ЖҰМАҒА ШАҚЫРУ
2017 ж. 05 мамыр
7978
1
Бүгін, Жұма!
Сəл ертелеу тұрыңыз,
Жаратқанға дұға, тілек қылыңыз.
Ақиқаттың ауылынан адасқан
Ақтарылсын жүректегі сырыңыз.
Бүгін, Жұма!
…Кешікпеңіз, жүріңіз,
Жан тазарып, төгілсін бір нұрыңыз.
Жамағатпен бір қатарда сап түзеп
Жүзіңізді Құбылаға бұрыңыз.
Бүнін, Жұма!
…Бола қоймас мұныңыз,
Ұлы күннің қасиетін ұғыңыз.
Сізге қарап тіршілігін түгендеп,
Сізге қарап бой түзейді ұлыңыз.
Бүгін, Жұма!
Қасиетті күніміз,
Қалай ғана байқамаймыз мұны біз.
Бар болғаны түйір қаннан жаралған
Бəріміз де бір Алланың құлымыз.
Бүгін, Жұма!
Тыныш болсын түніміз,
Берекеге тола берсін күніміз.
Адамзаттың амандығын тілейік
Кел, бауырым,
Қатарға кеп тұрыңыз!
Әлібек ШЕГЕБАЙ
qazaquni.kz