Т. ШАРМАНОВ: Латын алфавитінің үлесі - 92 пайыз, орыс тілінің үлесі бір жарым пайыз ғана
2017 ж. 14 сәуір
8513
11
Кезінде мен бір ғылыми жиында елдің бәрі орыс тілінде сөйлеп жатқанда қазақ тілінде сөйледім. Сол күні біреулер өз ана тілімде, мемлекеттік тілде сөйлегенім үшін сыртымнан арыз жазып жіберіпті. Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университеті он ай бойы басшысыз болды. Кейін Астанадан бір әйелді жіберді, амандасқаннан қоштасқанға дейін тек орысша сөйлейді. "Айналайын, сен еліңді, бізді сыйласаң ең болмаса қазақша амандасып, екі-үш ауыз қазақша сөйлесейші" дегеніміздіде елең қылмады. Мұны министрге де айттық, министр де ескертті оған, құлағына да қыстырған жоқ. Бұндай басшылармен қалай рухани жаңғыра аламыз? Осындай құлдық санадан арылуымыз керек! Медицина саласы латын әліпбиіне өтуді қуана қос қолдап қолдайды. Өйткені медицинада түгел латын алфавиті қолданады,үлесі - 92 пайыз. Ал орыс тілінің үлесі бір жарым пайыз ғана!..
Төрегелді ШАРМАНОВ,
Ұлттық Ғылым академиясының академигі
Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын талқылауға арналған жиында айтқан сөзі