Атақтылар айтқан екен!
Аристотель-(б.з.д. 384-322), көне грек философы
Билікті сатып алғандар, одан пайда табуды әдетке айналдырады
Александр І-(1777-1825), Ресей императоры.
Билік орнындарына газет шығаруға болмайды, себебі оған ешкім де сенбейді.
* * *
Вуди Аллен-(1953), америкалық кинорежиссер, актер
Мен төбемізден қарап тұрған қырағы көзге сенемін. Өкінішке орай ол-үкімет.
* * *
Марсель Ашар-(1899-1974), француз драматургы
Адамдар екі топқа бөлінеді: түрмеде отырғандар және түрмеде отыруға тиістілер.
* * *
Джордж Гордон Байрон-(1788-1824), ағылшын ақыны
Мен өз Отанымды сүйемін, бірақ отандастарымды емес.
* * *
Отто фон Бисмарк-(1815-1898), Герман империясының канцлері
Дипломат болуды тағдыр өзі менің маңдайыма жазған. Себебі мен бірінші сәуір күні туыппын.
* * *
Заң нашар болып, шенеуніктер жақсы болса-елді басқаруға болады. Егер шенеуніктер жаман болса, ең жақсы заңның өзі көмектеспейді
Никита Богословский-(1913), орыс композиторы
Жұмыссыздықтың деңгейі көтерілген сайын, мемлекеттік мерекелер де көбейе бастайды.
* * *
Біздің баспасөзде жиі кездесетін сөздер: «...шиеленіскен қалпында қалып отыр» және «...бой тасалап үлгерді».
* * *
Бізде мақтайтын ештеңе болмағандықтан, шетелдіктер көбінесе адамдарыңыз жақсы екен дейді.
Пьер Бомарше-(1732-1799), француз драматургы
Оның адалдығы-дәлме-дәл дар ағашына жеткізбейтін деңгейде.
* * *
Маған өз мақалаларымда-билікке, дінге, саясатқа, өнегелілікке, жауапты адамдарға, сенімді корпорацияларға, опера театрына, сондай-ақ, басқа театрларға және кез келген нәрсеге қатысы бар барлық адамдарға тиісуге құқық берілмеген. Ал басқа кез келген тақырыпқа екі-үш цензордың бақылауымен емін-еркін жаза беремін.
* * *
Ұсақ адамдар ғана ұсақ мақалалардан қорқады.
* * *
Бұған дейін мен сіздерге барлығын айтатынмын, енді ештеңе жасырмайтын боламын
Леонид Брежнев-(1906-1982), СОКП-ның Бас хатшысы
Достас бір мемлекеттің басшысымен кездесуден кейін: «Саясаткер ретінде түкке тұрмайды. Бірақ қалай сүйіседі!»
* * *
Бертольд Брехт-(1898-1956), неміс драматургы
Егер үкіметтің өз халқына көңілі толмаса, онда оларды таратып жіберіп, басқасын таңдауға хақысы бар.
* * *
Күлкіні мойындамайтын елде өмір сүру мүмкін емес, ал өмір сүру үшін ғана күлетін елде тіпті мүмкін емес.
* * *
Банктың өзін құрумен салыстырғанда, банктың тоналуы деген не, тәйірі!
Мэл Брукс-(1926), америка кинорежиссері
Президенттер өз әйелдеріне жасай алмағанды-халыққа жасайды.
* * *
Вольтер-(1694 -1778), француз жазушысы, ағартушы-философ
Күйеуі өзінің жүргіш әйелі жөнінде қанша білсе, корольдер өз министрлерінің істері жөнінде одан артық білмейді.
* * *
Ол-шексіз патриот, ізгі жүректі жан, шынайы дос еді, әрине, өлгені рас болса!
Сайлау Байбосынның Фейсбук парақшасынан