Балаңыз қорқақ болып өскенін қаламасаңыз мына мәлметтерді біле жүріңіз
2016 ж. 25 наурыз
3172
0
Баланың қорқақтығы жасына байланысты ма? Әлде сіз оның кейбір мәселелеріне көңіл бөлмегендіктен бе? Баланың қорқақтығы оған қаншалықты зиянды? Жауап беріп көрелік.
Қорқақтықтың зияндары:
- Бала қоянжүрек қорқақ болса, барынша бұйығы болып қалады.
- Досы аз болады.
- Өзі қалаған нәрсені сұрап ала алмайды.
- Жұртпен қатынасы еркін болмайды.
- Өзіндік пікірі болмайды, қашанда жұрт пікіріне жығыла береді.
Қорқақтықтың себептері:
- Үнемі кездесетін бір себеп, ата-ананың отбасында балаға өте қатал болуы. Балаға ешқашан өз ойын айтуға мүмкіндік бермеу.
- Баланы сыртқа көп алып шықпау, үйде бұғып өскен бала сыртқа шығудан, сырттағы адамдармен сөйлесуден жасқанып тұрады.
- Әкесімен әңгіме. Ананың орны әрине бөлек. Ғалымдар жастайынан әкесімен әңгімелеспеген баланың қорқақ болу қаупі өзге балалардан әлде қайда зор екенін айтады.
- Отбасындағы ұрыс-керіс. Бұл да негізгі себеп. Әкесі мен шешесінің ұрыс-төбелесі бала бойына орасан зор қорқынышты сезімдерді пайда қылады.
- Қорқынышты мултфилімнің әсері де орасан. Бала тіпті түнде ұйқысарап, шошып оянатын жағдайлар кездесіп жатады. Бұл қорқыныштар да бала бойына өз дәнін екпей кетпейді.
Қалай арылтуға болады?
- Балаға өте ауыр талаптар қоймаңыз, әрі тым асырып шабыттандырмаңыз. Бала болған соң өсу барысында көптеген қателіктер өткізеді. Егер оның әр қатесін жазғыра берсек, бала өзінің әр ісінен алаңдайды. Қате жасап жатыр екенмін деп ойлайды. Сөйтіп, әр іске қорғаншақ, жасқаншақтықпен кіріседі және оны өзгеге білдіргісі келмейді.
- Балаға сыртқа шығу орайын көптеп беру керек. Басқалармен көбірек әңгімелесуге орай жаратыңыз. Ата-әжесі аялап өсірген балалардан да көп қорқақ балалар шығатыны анықталған.
- Егер балаңыз қорғаншақ болса, оны батыр қылам деп тым асығып кетпеңіз. Әсіресе әкесі. Ана баланы сөз ұғуға, тәртіпті болуға баулиды. Әке анаға қарағанда батыл, ашық, сыртпен қарым-қатынасы мол, жұртпен сөйлескіш болады ғой. Әке, әсіресе ұл баланы өзімен ерте жүріп, әр неге жұмсап, сол іс төңірегінде көбірек әңгімелескенде ғана бала тұрмысқа, өз ісіне батылдана түседі. Бір ескерте кетер жайт, баланың қорқақтығы үшін «неге сонша ез, қорқақ болдың?» деп ұрыса көрмеңіз. Оның көп себебі өзіңізде жатыр, әкесі.
Аударған: Әбеуханов, Дайындаған Ұларбек Нұрғалымұлы Namys.kz