ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙТЫН ПАРТИЯ
2016 ж. 07 наурыз
2571
2
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
ЕЛ СЕНІМІН АҚТАЙТЫН ПАРТИЯ
Шындығы керек, «Ақ жол» партиясының төрағалығына Азат Перуашев келгенде, бұл жігіттің қазақ тіліне шорқақтығы төңірегінде түрлі жорамалдар да айтылып жатты. Бірақ, партия жұмысының одан әрі жандана түсуі кейбіреулердің алыпқашпа әңгімелеріне нүкте қойғандай болды. «Ақ жолдың» өзге ұйымдардан ерекшелігі сол – «Алаш» арыстарының жолын таңдағандығында.Партияның елдің әлеуметтік өмірінде атқарып жатқан жұмысының жөні бір бөлек те, Алаш рухын асқақтату жолындағы ауқымды істері бір төбе. Ұйым өкілдері «Алашқа» қатысты дәстүрлі шараларды өткізумен шектелмей, осы бағыттағы еңбектердің басын біріктіріп кітап етіп шығаруының өзі құнды дүние дер едім. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін де «Ақ жол» партиясының атынан халық қалаулысы атанған азаматтар өздерінің депутаттық сауалдары арқылы өткір мәселелерді қозғай білді. Мәселен, былтырғы жылы, «Ақ жол» партиясы несиенің теңгемен берілуінің тоқтатылуына алаңдап, Ұлттық банктен шаралар қабылдауды сұраған-ды. Нәтижесінде бұл мәселе де оң шешімін тапты. Осы тұста «Ақ жол» партиясы өздерінің сайлауалды бағдарламасында бірінші бағыт ретінде «Бизнесті қорғау және кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру» қажеттігін атап көрсеткен-ді. Осы бағыттың аясында алдағы уақытта банк қызметінің халыққа тиімділігін арттыру жолындағы жұмыстарын жалғастыра берсе екен деймін. «Ақ жолдың» алдағы сыннан сүрінбей өтуіне тілектестік білдіремін!