Зуқа Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойы 11 мемлекетте аталып өтіледі

12650253_10153916195434715_1478624936_nБұл туралы «Зуқа Сәбитұлының 150 жылдығын ұйымдастыру алқасы» хабарлады. Астанада өтетін шараларға Түркия үкіметінен, Стамбұл, Анкара қалалаларының әкімдіктерінен, ТүркіСойдан және басқада оннан астам шетелден делегация келетіні белгілі болды.

Мерейтойға дайындық барысы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бүгін, 2016 жылдың 5-ақпанда Астана қаласында өтетін бір бөлім шаралардың, атап айтқанда бір ғылми конференция мен Алаш ардақтысына арналған «ауыз ашардың» орны мен уақыты белгіленді. Ұйымдастыру алқасының төрағасы Өмірхан Алтын өзінің Қазақстан Ұлттық Арасына берген сұхбатында: « 2016 жылы қазақ тарихында елеулі жыл болмақ. Атап айтқанда, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, сонымен қатар Алаштың ардақты ұлдары Зуқа Сәбитұлы мен ӘЛИХАН Бөкейханұлының 150 жылдығы қатар келіп отыр,  бұл даталар халықаралық деңгейде атап өтіледі» - деді.

Евразия ұлттық университетінің проректоры, Алаштанушы ғалым Дихан Қамзабек ағамыз өз кезегінде ұлы тұлғаға арналған шара Евразия ұлттық университетінде де жоғары деңгейде атап өтілетінін, атап айтқанда 2016 жылы 14 маусыда ЕНУ-де «Зуқа Сәбит ұлының өмірі мен күресі» атты ғылми конференция өтетінін айтты.

«Әзірет Сұлтан мешітінің» наиб имамы Минуаров Қуат Ерғалиұлымен кездесуде, 16 маусымға жоспарланған Зуқа сынды дін қайраткеріне, ұлт күрескерінің аруағына арнап ауыз ашар жасап, хатым түсіруге келісімін берді әрі  қолдауға дайын екенін  білдірді.

«Қазақстан Ұлттық арнасының» орынбасар директоры Қайнар Олжай ағамыз Зуқа және өның өмірі туралы жақсы білетінін, Зуқа туралы екі тарихи романды оқып шыққанын тілге тиек етіп, кезкелген кезде қолдауға дайын отыр.

Әр орындарда өткен кездесулер кезінде өте жоғары деңгейде қолдау тауып отырды. Экс депттатар, «Ақ жол» партиясының басшылары Азат Первашев пен Нұрлан Жазылбеков, Астана әкімдігі,  Республикалық Ардагерлер Қауымдастығының төрағасы Өмірұзақ Озғанбаев, Ғалым Ғарифола Есім, Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкен, Ғалым Тұрсынхан Зәкен,  Қоғам қайраткері Узбен Құрманбай, ғалым Сайд Захан, Назарбаев Университетінің Тіл бөлімінің меңгерушісі Гүлтас Құрманбай, халық дәрігері Қайрат Айдархан, ақын, журналист Ахметұлы Бейсен, Бақытбол Берімбай қатарлы зялы қауым жан-жақтылы қолдау көрсетіндерін жетікізіп, жұмыс бастап кетті.

         Дін қайраткерінен саяси күрескерге айналған Зуқа Сәбитұлы Шығыс Қазақстан өңірінде туылып, Алтай топырағындағы ұлт азаттық күресінің басшысына айналды. 1929 жылы желтоқсанда қытай үкіметі тарапынан қастандыққа ұшырап, басы алынып, шәйіт блды.  Өз кезінде, яғни кеңес одағының құрылу қарсаңындағы ұлт азаттық күресі Алтайдағы ұлт азаттық күресімен тығыз қабысып жатты. Кеңес Одағынан қуғын-сүргінге ұшырап, соғыс пен ашаршылықтан қашқан көптеген азаматтардың Зуқаны паналағаны белгілі. Жетім-жесір, қорлық көргендерді қасынан табылған Зуқаның жеке армиясы болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Сол кездегі Шығыс Түсркістандағы Қытайдың үкімет армиясын бірнеше рет жеңіліске ұшыратты. Бұдан сырт 1921 жылы Алтайға басып кірген Ақ Патша генаралы Бакичевтің де бетін қайтарғаны туралы мәліметтер мен тарихи деректер жеткілікті. Осылайша соңғы ханымыз Кенесары Қасымұлынан кейін Зуқа Сәбитұлы да қазақтың азаттығы жолында басы алынған  тұлғаның бірі болып тарихқа қалды.

         Міне Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханұлымен бірге Зуқа Сәбитұлының  туылғанына да 150 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы күрестің барысы жәйлы және қазағымыздың қилы да қиын тағдыры туралы, Тәуелсіздіктің қадыр-қасиеті тұралы ақиқатты ұрпақтарға жеткізу – елдігімізге артылған міндет. Ұлыларымызды ұлықтап, ұлт болашағы үшін күресу Мәңгілік Ел болу үшін мәңгілік өзекті тақырып.

Барлығымызды Алла жарылқасын, Пайғампарымыздың шапағаты тисін, ата-баба аруағы қолдасын!

Ахметұлы Бейсен

qazaquni.kz