Бас мүфти балалар үйіне сый жасады (ФОТО)
2016 ж. 14 қаңтар
2180
0
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәуліт мерекесінен түскен қаражаттың есебінен Алматы облыстық № 1 балалар үйіне 700 мың теңгеге қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, балғындарды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Арнайы ат басын тіреген Бас мүфти балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеші аналармен жүздесті.
Бас мүфти балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге достық, татулық, мейірім жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді. Балдырғандарды қуанту мақсатында оларға тәттілер таратылып, әртүрлі көңілді қойылымдар көрсетілді.Бүлдіршіндердің қуаныштары қойнына сыймай, ақ тілектерін арнап, дін қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
qazaquni.kz