Леонардо Ди Каприо Арал теңізінің қасіреті туралы жазды
2015 ж. 26 тамыз
5606
0
Танымал актер Леонардо Ди Каприо Instagram желісіндегі парақшасына Арал теңізінің мәселесі туралы жазды.
«Мынау теңіз «бетімен кетіп бара жатқан» түйелер. Бірақ құрғап қалған Арал теңізінің қазіргі жағдайын ескере отырып, «түйелер теңіздің кеуіп кеткен табанымен өтіп барады» деуімнен өзге амал жоқ. Себеп – Арал теңізін «қоректендіріп» тұратын негізгі өзендердің су арнасын дәнді дақылдарды жаппай суару мақсатында өзге бағытта бұру оны құрғатып, «кемелер зиратына» айналдырды. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларындағы қоршаған ортаның ластану салдары (Чернобыльдегі апатты қоса алғанда) туралы суреттерді менің сайтымнан көріңіздер», — деп жазған екен актер.
Сурет авторы — National geographic қызметкері Герд Людвиг. Леонардо Ди Каприо БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөнінен әлем елшісі болып табылады. Қазір ол саяси өмірге белсенді араласуда.
Айта кету керек, Ди Каприо Арал тағдырының мәселесін тілге тиек еткен алғашқы әртіс емес. 2014 жылы аты аңызға айналған Pink Floyd тобы Louder than Words әніне бейнебаян түсіріп, құрғап бара жатқан Арал теңізін көрсеткен болатын.
Источник: 24.kz