Абай.кз алты күннен бері ашылмай тұр!..
2015 ж. 17 тамыз
6663
5
Үнсіз отыр едік, енді айтпасқа амал кем...
Иә, сонымен алты күннен бері Абай.кз ашылмай тұр. Кезекті рет... осы жолы қайтымы қатты, уы жаман вирустық шабуылға ұшырапты. Әлгі пәленің бетін қайтаратын маман бізде жоқ көрінеді. Содан шарқ ұрып шетелге шығып, солардың жәрдемін күтіп отырмыз.
Абай.кз биыл алтыдан асты... қаракөз қазақ оқырманына қадари халінше қызмет етіп келеді. Алты жыл... осыны, сірә, біреулер артық көре бастаса керек. Ал, Абай.кз жабылсын! Содан кейін Ұлт. кз-ні, "Қамшыны", "Қазақ үнін", т.б. жапсын. Сонда бұл жүйеге қандай баспасөз керек өзі? Тым құрыса, сонысын айтып өлтірсінші біздерді. Бұрын "қазақ баспасөзі шындықты айта алмайды, кәсіби білігі төмен" дейтін. Қазақ баспасөзі интернет әлемінде өз мүмкіндігін әйгілеп еді, енді соны көп көріп отыр. Біздің хал - тірі жетім Жәдігердің халі болып тұр: "Тарта бер, жұртым, тарта бер!"
Дәурен Қуат,
Фейсбук парақшасынан.