Амандық Баталов: «Әйел күлкісі естілген ел – бақытты ел»
2015 ж. 07 наурыз
3006
1
Алматы облысы әкімі Амандық Баталов 8 наурыз қарсаңында салтанатты жиын өткізді
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында салтанатты қабылдау шарасын өткізіп,200-ге жуық әйелдер қауымын құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімдігінде өткізілген салтанатты шараға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты. Өңір басшысы аналарымыздың шаңырақ отын маздатып, өңір дамуына өлшеусіз үлес косып келе жатқандығына тоқтала келе, өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді:- Сұлулық пен нәзіктіктің иесі – Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел – ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Осы жиынға келе алмаған аналарды құрметтен тыс қалдырмай,арнайы құттықтау жасайтын боламыз. Дана халқымыз«Әйел күлкісі естілген ел – бақытты ел» дейді. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, ғұмырларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын, - деп қорытындылады өз сөзін Амандық Баталов.