Қазақтың салт-дәстүрлері ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне кіргізіледі
2014 ж. 18 шілде
3842
1
Қазақтың салт-дәстүрлерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне кіргізу ойда бар
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Қазіргі таңда біз айтысты, қазақ үйдің жасалу ерекшеліктерін, бүркітпен аң аулау сынды көптеген дәстүрлі шараларды ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізудеміз. Бұл ұйымның атаулы күндер атты күнтізбесі бар. Біз соған Семей антиядролық қозғалысының, Аралды құтқару қорының құрылған күнін кіргізбекпіз. Жалпы, істеліп жатқан шаралар көп. Біздің мақсатымыз ЮНЕСКО жиынының елімізде өтіп жатқанын пайдаланып, Қазақстанның ерекше сақталатын салт-дәстүрлерін осы ұйым тізіміне кіргізу ойымызда бар», - деді министр.
Айта кетейік, 22-24 шілде күндері елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші өңіраралық кеңесі өтеді. Бұл жиын әлемдік ауқымда алғаш рет ұйымдастырғалы отыр. Кеңес жұмысына ЮНЕСКО-ға мүше 130-дан астам мемлекеттің ұлттық комиссияларының өкілдері және АЛЕКСО, ОАЗХИ, ТҮРКСОЙ сынды серіктес халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады. ЮНЕСКО хатшылығы делегациясын ұйым бас директорының сыртқы байланыстар және қоғамдық ақпарат жөніндегі орынбасары Э.Фальт басқарады.
«ҚазАқпарат»