Солтүстік Қазақстанда адам өлтірген үш полиция қызметкері сотталды
2014 ж. 19 мамыр
1692
0
Петропавлда адам өлтірген полицейлер сотталды. Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын Соколовка елді мекенінің тұрғыны Евгений Копа жұмбақ жағдайда жоғалып, мәйіті Есіл өзенінен табылған болатын.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм сол күні жол сақшысы Тимур Үмбетовпен сөзге келіспей, жаға ұстасқан. Қалған екеуі учаскелік полицей Марат Алдамасов пен жедел уәкіл Ерлан Серікбай араша түсудің орнына, текетіресті тамашалап тұрған. Кейіннен барлығы Копаны ауыл сыртына алып шығып, өлімші етіп сабап, өзенге лақтырып жіберген. Қанды қол қылмыскерлер адам ұрлады және өлтірді деген баптармен кінәлі деп танылып, тиісті жазаларын алды.Кейіннен осы қылмысқа күдікті ретінде жергілікті құқық қорғау қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.
"Тимур Үмбетов 15 жылға қатаң түрдегі түрмеге тоғытылсын. Ал Марат Алдамасов пен Ерлан Серікбай 8 жылдан жалпы режимдегі колонияға қамалсын", - деп үкім шығарды СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бауыржан Баймұрзин.