Өнер мен әдебиеттің шын жанашыры
2022 ж. 11 қазан
2032
0
Алматыда «Алаштың азаттық рухы» атты халықаралық мүшәйра мәресіне жетті. Мұнда алыс-жақын жерден келіп, жыр додасына қатысқан ақындар ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын әспеттеп, ел тәуелсіздігі мен оның алтын бесігі Алматы қаласын шабыт шалқуының шырқау биігіне көтерді.
Әрине, мұндай мұраты биік шара қомақты қаржысыз жүзеге аспайтыны белгілі. Осы орайда, мүшәйраның қаржылық салмағын бір өзі көтеріп алған қазақ руханиятының жанашыры, белгілі атымтай жомарт Айнұр Жұмашқа алғысымыз шексіз.
Көптеген дәулетті ұйымдар мен жекелеген адамдардың мәдениет пен білімге, өнер мен спортқа қаржы құюға құлықты бола бермейтінін білеміз. Өйткені бұлар нәтижесін ұзақ уақыт күттіретін салалар. Соған қарамастан, ұлт патриоты Айнұр ханым руханиятымызды үнемі қаржылық жағынан қолдаумен келеді. Даңғаза атақ емес, қазақ мәдениетіне шын жаны ашитын жан ғана осындай өрелі іске тәуекел етпек. Берекелі істің басында жүрген Айнұр Жұмашқа толайым табыс тілей отырып, өлең өнеріміз өрлей берсін дегім келеді.
Сөз орайында, осынау дүбірлі іс-шараға тікелей мұрындық болған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса мен дарынды ақын Азамат Тасқара бауырларымызға шексіз ризалық сезімімізді білдіреміз. Сондай-ақ осынау игілікті іске лайықты үлес қосқан республикалық «Қазақ үні» газеті ұжымына рахмет айтқымыз келеді.
Абзал БӨКЕН, ақын
qazaquni.kz